Таразда «Амаnаt» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарға бос орындар жәрмеңкесін өткізді
Таразда «Амаnаt» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Шараға 200 шақты адам келіп, мәлімет алған. Мекемелер мен компаниялар тарапынан 131 жұмыс орыны ұсынылды. Сонымен қатар кәсіпкерлік бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жайлы кеңес берілді. Нәтижесінде 20-ға жуық адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Ал енді бірі қайтарымсыз грант алуға ниет білдірген.
Дауыл Бисенқұлов, «Амаnаt» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы:
- Мемлекет басшысы биылғы жылды еңбек адамдарының жылы деп жариялауына байланысты нағыз кәсіп иелерінің мамандықтарын насихаттауға осы үлесін тигізеді деп ойлаймыз. Өткен жылы осындай жәрмеңкелер арқылы 96 азаматты жұмыспен қамтуға ықпал еттік. 63 адам уақытша жұмысқа орналасты.