Шетелдіктерге банк картасын ашу талабы қатайтылды

Елде шетелдіктерге банк картасын ашу талабы қатаңдатылды.

Мақсат - заңсыз қаржы айналымының алдын алу. Жаңа ережеге сәйкес, шетел азаматтарына төлем картасы бір жылға ғана беріледі.

Дегенмен, бұл шектеудің кәсіпкерлер, дипломаттар мен инвесторларға қатысы жоқ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге заңсыз қаржы айналымына қатысы бар операцияларды бірден анықтауды міндеттеді. Олардың арасында заңсыз есірткі өндірісі, айналымы және транзит, "Астана" халықаралық қаржы орталығында тіркелмеген цифрлық актив биржалары мен электрондық казино, интернет-казиноларға төлем жасау мен ақша аудару бар.