Салық кодексіне қатысты түзетулер Мәжіліс қарауына енгізілді

Салық кодексіне қатысты түзетулер пакеті Мәжілістің қарауына енгізілді, деп хабарлайды 24KZ. Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген құжат салықтық әкімшілендіру шараларын жетілдіруге бағытталған. Негізгі өзгерістер қатарында қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін 20 мың айлық есептік көрсеткіштен 15 млн теңге, яғни 3 800 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету тетігі бар.

Қосылған құн салығының мөлшерлемесін 12%-тен 16%-ке дейін арттыру, бұған қоса бірқатар сала үшін төмендетілген 10%-тік мөлшерлеме белгілеу көзделген. Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу –  тек B2C, яғни «бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін» сегментіне қолжетімді болады.