Отандық экспорт үшін кепілдік беру құралдары кеңейтіліп жатыр

Отандық экспорттаушылар үшін сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік беру құралдары кеңейтіліп жатыр.

Бұл өндірушілеріміздің жаңа нарықтарға шығуына жол ашады. Елде экспортқа бағдарланған жобалар пулы қалыптастырылып жатыр. Негізгі бағыттарды атап өтсек, бұл Қытай, Орталық Азия, Еуропалық одақ аумағын қоса алғанда сыртқы нарықтың географиясын кеңейту. Ірі шетелдік сатып алушылармен әріптестікті күшейту. Көлік-логистикалық қызметтер бойынша агроөндірушілер үшін жағдайды жақсарту. «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» саланы қолдаудың тиімді құралдарын ұсынып отыр. Бұл шаралар қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға шығарып қана қоймай, тауар өндірушілеріміздің позициясын нығайтады. Агенттік екінші деңгейлі банктермен, «Бәйтерек» холдингінің тобына кіретін басқа қаржы институттарымен де ынтымақтастық орнатқан.