Қазақстан қай елдерге уран экспорттайды?
Қазақстанда уран қоры мол.
Әлемдік уран өндірісінің 20 пайызы отандық зауыттарға тиесілі. Былтыр өндіріс көлемі 2 мың тоннаға артты.
Кейінгі жылдары Азияда сұраныс өсіп келеді. Мәселен былтыр экспорттың жартысы Азия елдеріне шығарыпды. Және атом электр станциялары да көптеп салынып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру міндеті тұр. Жалпы елдің уран өндірісіндегі жоспары қандай?
Елде АЭС салынатыны белгілі. Сондықтан уран өндіріп, одан отын жасау біздің басты міндетімізге айналып отыр.
Ядролық отынға сұраныс өсті
Әлемнің 31 елінде атом электр станциясы бар. Барлығы 438 реактор жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ қазір жаңадан 72 энергоблок салынып жатыр. Ал МАГАТЭ-нің болжамы бойынша 2050 жылға қарай АЭС-тің маңызы артады. Яғни жаһандағы электр энергиясының 14 пайызын атом электр станциялары өндіруі мүмкін. Бұл станциялардың бәріне отын керегі белгілі. Қазақстан қазір уран өндірісі бойынша көш бастап тұр. Яғни жаһандық өндірістің 20 пайызы отандық кәсіпорындарға тиесілі. Сұраныс жыл санап артып келеді. 2023 жылы 21 мың тонна уран өндірілді. Ал былтыр бұл көрсеткіш 2 мың тоннаға ұлғайды. Яғни 23 мың тоннадан асты.
атом энергетикасы
Барлығы – 31 АЭС
438 реактор
72 АЭС құрылысы
2050 жылы – 14%
УРАН ӨНДІРІСІ
2023 жылы – 21 112 тонна
2024 жылы – 23 270 тонна
Мейіржан Юсупов, “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ Басқарма төрағасы:
- Байытылған уран өнімін гексофториттен уран диоксидіне қайта өңдеу, кейін одан керамикалық отын таблеткаларын алуды “Қазатомөнеркәсіптің” Өскемендегі еншілес кәсіпорны, яғни Үлбі металлургиялық зауыты жүзеге асырады. Қазақстан уран өндіру және бастапқы өңдеу технологиялары бар әлемдегі санаулы елдердің бірі. Бүкіл әлемде осындай оншақты ғана мемлекет бар. Сонымен қатар Қазақстан – атом реакторларына арналған дайын отын өндіретін Орталық Азиядағы жалғыз ғана мемлекет.
Уранның жартысы Азия елдеріне экспортталады
- Биыл елде 26 мың тонна уран өндіру жоспары бар. Қазір “Қазатомөнеркәсіпке” қарасты 14 кәсіпорын уран өндіреді. Барлығы 27 кен орнын игеру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар барлау жұмыстарына баса мән беріліп отыр. Былтыр компания барлауға 4 лицензия алды.
УРАН ӨНДІРУ
14 өндіруші кәсіпорын
27 кен орны
4 барлау лицензиясы
Компания Түркістан облысындағы Буденовское кен орнының «Солтүстік» учаскесін барлауға кірісті. Болжам бойынша бұл жердегі уран ресурсы 100 мың тоннадан асады. Іс жүзінде одан да көп болуы мүмкін. Мұндай кен орындары елде жеткілікті. Сондықтан шетелдік серіктестер Қазақстанмен ұзақмерзімге келісімшарт жасауға тырысады.
Мейіржан Юсупов, “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ Басқарма төрағасы:
4. Компаниямыздың негізгі клиенттері, ол атом энергиясын өндіретін операторлар. Ал өнімдердің негізгі экспорттық нарықтары, ол Қытай, Солтүстік Америка және Еуропа елдері. Орта есеппен айтқана, соңғы жылдары біз Азия елдеріне шамамен 45-50 пайызын, Еуропа елдеріне – 25-30 пайыз арасында, Америка елдеріне 25-30 пайыз арасында экспорттадық. Жалпы алып қарағанда “Қазатомөнеркәсіп” өз экспорттарын диверсификациялау мәселесіне ерекше мән беріп келеді.
200 тонна ядролық отын өндірілді
Бастапқы өңдеу кеніштерде жүргізіледі.Сондай-ақ елде дайын ядролық отын шығарылады. Яғни шығыстағы Үлбі металлургиялық зауытында ядролық отын таблеткалары өндіріледі. Бұл атом электр станциялары үшін отын шығаратын Орталық Азиядағы жалғыз зауыт. Отын өндірісі Қытай компаниясының қатысуымен жолға қойылды. 2021 жылы жұмысын бастаған зауыт былтыр өндірістік қуатын еңсерді. Яғни 200 тонна отын өндіріп, тұтынушыға жеткізді. Бұл зауыт өнімі келешекте елде салынатын атом электр станциясында да қолданылмақ.
Мейіржан Юсупов, “Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ Басқарма төрағасы:
- 2022 жылдың желтоқсанында Қытайдың атом электр станцияларына өнімнің бірінші партиясын, ал 2023-2024 жылдары тағы 9 партияны жеткізді. 2024 жылдың соңында жылдық 200 тонна уран өңдейтін өндірістік қуатқа шықтық. Зауытымыз Қазақстандағы болашақ АЭС үшін ядролық отын компоненттерін өндіру үшін қажетті технологиялық мүмкіндіктер мен кадрлық құзыреттерге ие.