Қаржы министрі: Жеке кәсіпкерлер үшін кейбір қызмет түрлерін шектеу керек

Жеке кәсіпкерлер үшін кейбір қызмет түрлерін шектеу керек.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев осындай ұсыныс жасады. Оның сөзінше кәсіпкерлер салықты оңтайландырып, шынайы пайданы аз қылып көресту үшін түрлі құйтырқы әрекеттерге баруда. Мәселен, олар, «құжаттық» шығындарды әдейі арттырады. Бір компания тауарларды сатып алып, оны өзінің екінші компаниясына өз бағасына қайта сатады. Нәтижесінде бірінші компания шығынды көрсетсе, ал екіншісі жеңілдік шарттарымен қосылған құн салығынан төлеуден жалтарып келген. Сонымен қатар министрдің айтуынша, бизнесті бірнеше заңды тұлғаларға бөлу әдісі қолданылуда. Осы орайда қаржы министрлігі салықтық әкімшілендіруге өзгерістер енгізуді ұсынды. Олар бизнесті бөлшектеуге қарсы бағытталған. 

Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:

- Осыған байланысты Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында бөлшектеуге қарсы бойынша бірқатар шара ұсынады. Біріншіден, бизнесті бөлшектеудің заңнамалық критерийін енгізуді ұсынамыз. Салық даулары мәнінен басым болу принципін енгізу, мұндай фактілерді бақылау және дәлелдеу әдістерін енгізу керек. Жеке кәсіпкерлер үшін қызмет түрлерін шектеуді ұсынамыз. 

Бүгінде елімізде 2,3 млн салық төлеуші тіркелген. Оның 8%-ы немесе 137 мыңы ғана қосылған құн салығын төлеушілер. 81%-ы оңайлатылған декларацияны пайдаланып, арнайы салық режимінде жұмыс істейді.