«Karachaganak Petroleum Operating B.V» өкілдері өнеркәсіп өнімін өндірушілермен кездесті

Өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және жергілікті өндірушілерге басымдық беру мақсатында «Karachaganak Petroleum Operating» компаниясы Қарағанды облысының әкімдігімен меморандумға қол қойды.

Халықаралық ірі компания өкілдері индустриялды өңірдің бірқатар кәсіпорынын аралады.  Мақсат – облыстың өнеркәсіптік әлеуетімен танысу.

«Karachaganak Petroleum Operating» компаниясының бас директоры Марко Марсили мен  орынбасары Мухтар Манкеев бастаған делегация индустриялды өңірлерге жұмыс сапарын  Қарағандыдан бастады. Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталықтың өкілдері бірқатар кәсіпорынға барды. Өңірдегі арнайы экономикалық аймақтағы кабель , фитингтер, метал құрылғылар , шарлы клапандар мен бекітпелер шығаратын   зауыттар бүгінде өнімін шетелге экспорттап отыр.  Қаршығанақ компаниясы осындай өнім өндірушілердің  ірі мұнай-газ жобаларына қатысуына мүмкіндік жасап, тұрақты әріптестік орнатпақшы.

Мұхтар Манкеев, "Karachaganak Petroleum Operating B.V." компаниясы  Бас директорының орынбасары:

- КПО компаниясының атынан біздер жергілікті қамтуды дамыту мақсатында обылсаралық қарым-қатынасты күшейтіп жатырмыз. Біздер биыл бірінші болып Қарағанды обылсына өзіміздің визитімізді бастадық. Бұл жердегі басты мақсат Қарағнды обылсындағы өндірістерді көру. Сол өнідрістердің мүмкіншіліктерін көру және біздің стандарттарға сай қандай да бір өздерінің заттарын шығара алады ма, жоқ па соған техникалық аудитімізді жасау болатын.

Қалада өндірушілердің тауарлар көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ өңір басшылығының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста «Karachaganak Petroleum Operating» компаниясының қызметі мен отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктері түсіндірілді. Жиында қарағандылық өнеркәсіп өндірушілеріне кәсіпорын жобаларына қатысу жолдары айтылды. Қандай тауардың қажеттігі жөнінде толыққанды ақпарат берілді. 

Асқар Ғазалиев, Қарағанды облысы өнеркәсіп және индустриялы-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- «Karachaganak Petroleum Operating» Ірі халықаралық компания. Оның өкілдерінің келуі өңір экономикасын дамытуға мол мүмкіндіктер ашады деген сенімдеміз. Біздің облыста мұнай-газ, машина жасау саласы үшін қажетті өнімдерді шығаратын әлеуетті кәсіпорындар жеткілікті. Алдағы уақытта келісімдер нәтижесінде компанияның жобаларына қарағандылық өндірушілер, жеңіл өнеркәсіп қатыса алады.

Компания басшылығы мен Қарағанды облысының әкімдігі серіктестікті нығайтуға және жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта компания тарапынан отандық өндірушілердің өнімін қамту үлесін арттыру мақсатындағы жұмыстары жалғасын табады.

Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Сайлау Игіліков