Қазақстан мен Қытай арасында жаңа жүк пойызы қатынайды

Қазақстан мен Қытай арасында тағы бір пойыз қатынайды, деп хабарлайды 24kz.

Жүк тасымалдауға арналған халықаралық бағыт Шыңжаң ұйғыр автономдық ауданы мен Алматы қаласын байланыстырады. Алғашқы жүк пойызы көрші елдің Іле уезінен Қазақстанға аттанды. Жаңа пойыз Алматыға дейін 5 сағатта жетеді. Жылына 27 мың тонна қосымша жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.

Хэ Цзюнь, инвестициялық компания менеджері:

- Енді өте қолайлы болады. Жаңа жүк тасымалдауға арналған бағыт уақыт үнемдеуге ғана емес, логистикаға жұмсалатын шығынды да азайтады. Бұл Қытай компанияларына Қазақстан арқылы Орталық Азия нарығына тікелей шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сауда айналымы 173 млн долларға дейін артады.