Қазақстанның жалпы ішкі өнімі екі айда 5,4% өскен

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі екі айда 5,4%-ке өскен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Жыл басталғалы өнеркәсіп өндірісі 5,7%-ке артқан. Ал өңдеу өнеркәсібінде 8,9%, машина жасауда 18,2%, құрылыс материалдары өндірісінде 21,6% және химия өнеркәсібінде 9%-ке өсім байқалды. Сондай-ақ елде құрылыс саласында атқарылған жұмыстар көңіл көншітеді. Бүгінде экономиканы әртараптандыру ел дамуындағы маңызды бағыт. Бұл ретте Үкімет басшысы Олжас Бектенов экономикалық өсімді бәсеңдетпеуді, белгіленген межеге қол жеткізу үшін жұмысты күшейтуді тапсырды.