Былтыр өңдеу өнеркәсібінде 180 жоба жүзеге асты
Былтыр өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 1,3 триллион теңге болатын 180 инвестициялық жоба іске асырылды, деп хабарлайды 24kz.
Нәтижесінде аталған секторда кейінгі онжылдықтағы ең жоғары көрсеткішке – шамамен 6% өсімге қол жеткізілді. Алты жыл ішінде өнеркәсіптік өндірістің жылдық орташа өсімі 20,3%-ті құраса, машина жасау секторындағы өндіріс үш есе өсті. 2018 жылы 30 мың жеңіл автомобиль құрастырылған еді. Былтыр олардың саны 134 мыңға жетті. Сондай-ақ жүк автомобильдерін құрастыру алты есе, автобустар жеті есе, арнайы техника шығару шамамен үш есеге ұлғайды.