Теңіз көлігі арқылы жүк тасымалдау 20% өсті

2019 жылдан бері теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 20%-ке өсті, деп хабарлайды 24kz.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша айтарлықтай өсім қалыптасты. Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы былтыр 4,5 миллион тонна жүк тасымалданып, транзиттік тасымал көлемі 2019 жылдан бері алты есе, қазақстандық өнім экспорты 12 есе өсті. Мемлекет басшысы жариялаған АстанаАрқалықТорғайЫрғыз жаңа тасжолы аталған бағытқа тың серпін бермек.