О. Бектенов: «Цифрлық теңге» пилоттық жобасы кеңейтілуі керек

Елде «Цифрлық қосылған құн салығы» пилоттық жобасы іске қосылды. Ол қосылған құн салығын қайтару рәсімін жеделдету үшін қажет. Бұл туралы Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен кеңесте айтылды.

Жиында сөз алған Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинұр Жәленов былтыр қолға алынған цифрлық теңге жобасы тиімділігін көрсетіп жатқанын айтты. Фермерлерге мал басын сатып алу үшін теңгенің сандық түрімен несие берілді. Осылайша жалған мәмілелерге жол берілмей, процестің толық ашық өтуін қамтамасыз етті. Енді Қарағанды, Павлодар және Атырау облыстарында теміржол мен автомобиль жолдарын салуға қаражат бөлу көзделеді. Үкімет басшысы «Цифрлық теңге» пилоттық жобасын кеңейтуді тапсырды.

Бинұр Жәленов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі:

- «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алу үшін фермерлерге несие беріледі. Яғни цифрлық теңге малдың иесі ауысқанда ғана түсетіндей етіп бағдарламаладық. Енді 1 шілдеге дейін бюджеттік бағдарламалар жиынтығын таңдауды ұсынамыз, осылай цифрлық теңгені енгізуге тырысамыз.