Азияның қор нарығы құлдырады
Оған Дональд Трамптың импорттық тауарларға баж салығын енгізуі себеп, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Жапонияның жетекші 225 компаниясын қамтитын Nikkei 225 индексі 8% арзандады.
Оңтүстік Кореяның Kospi шамамен 5%-ке төмендеді. Жағдайдың күрт нашарлауына байланысты сауда-саттықты бірнеше минутқа тоқтатуға тура келді. Гонконг биржасының негізгі индексі AHI 9%-ке, Ал Тайваньдағы TAIEX шамамен 10%-ке құлдырады. Бұл – жыл басынан бері болмаған ең төменгі көрсеткіштер. Инвесторлар жаһандық сауда соғысынан қорқып отыр. «Қор нарығындағы дүрбелеңге сол себеп», - дейді сарапшылар.