Олжас Бектенов Chevron басшысымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Олжас Бектенов Chevron компаниясының басшысы Майкл Уиртпен мұнай газ саласындағы ынтымақтастық және «Теңіз» төңірегінде өнеркәсіп кластерін құру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды 24kz.

Кездесуде тараптар қолданыстағы бірлескен жобаларды іске асыру барысына тоқталды. Атап айтқанда, KPI алғашқы полипропилен зауытының жұмысы, қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна өнім өндіретін ірі полиэтилен кешенін салу. Сондай-ақ Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өндіретін жаңа зауыт салу мәселесі қаралды. «Теңіз» кен орнында Келешек кеңейту жобасын іске асыруға назар аударылды. Олжас Бектенов ішкі қосылған құнды ұлғайтуға бағдарланған Теңіз базасында өнеркәсіптік кластерді дамыту арқылы жергілікті қамтуды одан әрі ұлғайту қажеттігін атап өтті. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қолдау жөнінде бағдарлама дайындау қажеттілігі атап өтілді.