Олжас Бектенов CITIC Construction компаниясының төрағасымен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов CITIC Construction компаниясының төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесіп, ірі инфрақұрылымдық жобалар аясындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды 24kz.

Кездесу барысында ұзындығы 768 шақырымға жететін «Талдықорған – Өскемен» және 363 шақырымдық «Қарағанды – Балқаш» автожолдарын қайта жаңарту, сондай-ақ Caspi Bitum зауытын жаңғырту бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелері қаралды. Қазір қытайлық компания агроөнеркәсіп саласында бірлескен жобаларға қызығушылық танытып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдіріп отыр.