John Deere компаниясы Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын шығарады

фото: primeminister.kz

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы саналатын John Deere компаниясының жергілікті өндірісі ашылады, деп хабарлайды 24kz.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр кәсіпорынның ТМД елдері мен Орталық Азия бойынша президенті Чаба Лейкомен кездесті. Басқосуда өндірісті ашу, сервистік қызметті дамыту, жұмыс орындарын құру, қазақстандық инженерлерді оқыту мәселесі қаузалды. Сондай-ақ ТМД елдеріне техника мен қосалқы бөлшектерді жеткізетін логистикалық хаб құру мүмкіндігі талқыланды. Роман Скляр жаңа өндірістің ашылуы отандық машина жасау саласы мен ауыл шаруашылығы секторына серпін берер маңызды қадам екенін атап өтті.