Мұнай-газ химиясы саласында 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады
Үкімет елде мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытуға басымдық береді. 2030 жылға дейін жалпы құны $15 млрд болатын 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады.
Бұл қосымша 19 мыңнан астам жұмыс орны ашуға мүмкіндік береді. Саланы дамыту жайы бүгін Үкімет отырысында қаралды.