ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін ұлғайтуға келісті

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндірісін ұлғайтуға келісті, деп хабарлайды 24kz.

Яғни, 1 маусымнан бастап қара алтын өндіру көлемін тәулігіне 411 мың баррельге дейін арттырмақ. Бұл нарықта ұсыныстың көбеюіне әкелуі мүмкін. ОПЕК-тің шешімінен кейін мұнай бағасы арзандады. Мәселен, Brent маркалы мұнайдың баррелі 2,2%-ке төмендеп, 59 долларға сатылды. Ал АҚШ-тың WTI маркалы мұнайы 2,5%-ке түсіп, барреліне 56 долларға саудаланды. Қазір инвесторлар жаһандық сауда соғысынан қауіптеніп отыр. «Сондықтан мұнайға сұраныс азайып барады», - дейді сарапшы мамандар.