Қазақстанда 753 мың тонна өсімдік майы өндірілді

Былтыр елде 750 мың тоннадан астам өсімдік майы өндірілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12% көп.

Қазір майлы дақылдарды қайта өңдейтін 88 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Экспортқа шығарылған өнімнің негізгі бөлігі Қытай мен Өзбекстанға жөнелтілді. Қалғаны Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Латвияға тасымалданды. Ал импорт көлемі шамамен 7% азайды. Шетелден жеткізілетін тауардың көбі Ресейге тиесілі. Былтыр бұл елден 128 мың тонна өнім сатып алынған.