Отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жеделдетіледі
Отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жеделдетіледі. Бұл әсіресе ішкі нарықты қолжетімді бағадағы авиациялық отынмен қамтамасыз ету үшін қажет. Сондай-ақ еліміздегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу мерзімі қысқаруы мүмкін. Бұл мәселелер Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.
Жиында өткізу бекеттерін қайта жаңғырту жайы да қаралды. Үкімет басшысы бұл ретте көрші елдермен келісілген уағдаластықтарды сапалы әрі уақытылы орындау керектігіне назар аударды. Сауда және транзит салаларына серпін беретін басым жобаларды таяу арада қаржыландыру тапсырылды.