Қазақстан әлем елдеріне 10 млн тоннадан астам астық экспорттаған
Қазақстандық астықты аттай қалап алдыратын елдер қатары артып келеді.
Былтыр шетелге 10 млн тонна бидай экспорттаппыз. Әсіресе Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия сынды мемлекеттер отандық астықтың тұрақты тұтынушылары. Бұл қатарға жақында Әзербайжан, Грузия және Түркия қайта қосылды. "Сондай-ақ Марокко мен БАӘ елдері біздің астығымызға қызығушылық танытып отыр", - дейді ауыл шаруашылығы вице министрі Азат Сұлтанов. Былтыр ел диқандары 27 млн тонна астық жинады. Бұл рекордтық көрсеткіш. Биыл да өнім бітік шықса, экспорт көлемі 12 млн тоннаға жетуі мүмкін.