Қостанайда бос орындар жәрмеңкесі өтті

Қостанайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 

Ашық аспан астындағы іс-шараны "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелерден бастап өңірдің ірі өндірістік кәсіпорындары қатысты. Барлығы 90-нан астам ұйым атсалысты. Сондай-ақ мансап орталықтары да жәрмеңкеге жұмылып, ауыл-аймақтағы тапшы мамандықтар жайлы ақпарат берді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жай-жапсары түсіндірілді. Іс-шараға мыңнан астам қала тұрғыны қатысқан. Соның жартысына жуығы екі қолына бір күрек тапты.