ШҚО: егіс алқабында қолданылатын ақылды техника көбейді

Шығыс Қазақстанда көктемгі егіс науқаны жылдағыдан екі апта ерте басталды.

Бұған күн райының қолайлы болуы ықпал етті,- дейді мамандар. Өңірдегі 618 мың гектардың жартысынан астамы игерілді.

Әсіресе Шемонаиха ауданының диқандары белсенді. Олар майлы дақыл себу науқанын аяқтап та қалды. Айта кеткен жөн, шаруалар сандық технологияның мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып жатыр.

Қыстағы қалың қар мен көктемгі жаңбыр жер емген диқандар үшін үлкен көмек. Сондықтан қазір егін егумен айналысатын шаруа қожалықтарында нағыз қарбалас. Астықты аудан Шемонаихада көктемгі егіс аяқталуға жақын. Выдриха ауылы маңындағы мына алқаптан күн-түні техника кетпейді. Жұмысшылар тәулік бойы дән сеуіп жатыр.

Игорь Иванов, ауылшаруашылық серіктестігінің директоры:

- Біздің алқапта бір емес алты  егістік кешені жұмыс істейді. Майлы дақыл тұқымын сеуіп аяқтап та қалдық. Техникамыздың  көбі  GPS-навигациямен жабдықталған. Бұл  құрал күн-түн демей еңбектенуге,уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Жұмысшылар ауысыммен  шығады.

Александр Рутц осы шаруашылықта 30 жылдан астам механизатор болып еңбек етіп келеді. Әу баста қарапайым трактор руліне отырса, қазір ең ақылды техниканы меңгеріп алған. Көлігі сандық бағдарлама арқылы әр дәнді дәл себеді.

-Семечка здесь сыпется на метр, на погонный метр, берется 24 сантиметра,

Шемонаиха өлкедегі ең астықты аудан. Ауылшаруашылық өніміне бай. Жері құнарлы, климаты қолайлы.

Руслан Махмұтов, Шемонаиха ауданы ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:

- Шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау жақсы. Яғни технкианы жаңартып, таңдаулы тұқым алуда көптеген жеңілдіктер қарасытырлған.Осының барлығы түптеп келгенде мол өнім алуға ықпал етеді.

Жалпы облыстағы аграрлық салада серпін жаман емес, дейді мамандар. Егістік шаруашылығына 4 миллиард теңге бөлінді. Үкімет резервінен тағы 2 миллиард теңге тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталды. Мол жауын-шашын есебінен ылғал артып, ырыздық молаятын түрі бар. 

Елдос Қуантаев, ШҚО ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

- Күзгі және көктемгі мезгілде жауын*шашын көп болып, әсерінен көктемгі топырақ ылғалы 170 мм дейін жетіп отыр, бұл көп жылғы көрсеткіштен жоғары десек те болады. Осы қазіргі мақсатымыз көқктемгі ылғалды сақтай отырып егіс жұмыстарын уақыты жүргізу.

Биыл өңірде 618 мың гектар алқапқа  егін егіледі. Бұл былтырғымен салыстырғанда 10 мың гектарға артық.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов