СҚО: агроөнеркәсіп саласына ₸50 млрд инвестиция тартылды

Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп саласына жыл басынан бері 50 млрд теңге инвестиция тартылды. 

Қаржының жартысына жуығы егін шаруашылығына құйылды. Ал мал шаруашылығын дамытуға 12 млрд теңге бағытталды. Қазір өңір экономикасының маңызды саласында 34 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Оның ішінде заманау тауарлы-сүт фермалары, қайта өңдеу кәсіпорындары мен балық, қой және құс шаруашылықтары бар. Бұл өз кезегінде ауыл-аймақтардың әлеуметтік жағдайын арттырып, тұрғындарды жыл бойына жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.  

Елена Гонтарь, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Төрт айдың қорытындысы бойынша еліміздің ауыл шаруашылығы капиталына салынған инвестициялар көлемінің 24 пайызы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Биыл жол картасы аясында 12 тауарлы-сүт фермасы салынады. Ал сүті өңдеу саласында 9 жоба іске қосылады.