СҚО-да 2 миллион гектарға егін егілді
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын егін егу науқанына кедергі келтіріп тұр, деп хабарлайды 24KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты диқандар қауымы ашық күндері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі таңда егіс алқаптарының тең жартысы, яғни 2 млн гектарына дән себілген.
Көктемгі дала жұмыстарына 12 бірлік трактор жұмылдырылған. Жергілікті агроқұрылым басшыларына Үкіметтен 50 мың тоннадан аса дизельді отын үлестірілді. Мамандар жаңбырға қарамастан маңызды науқанды уақытында аяқтаймыз деп отыр.
Дәурен Тоққожынов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Көктемде желден су топыраққа тез сіңіп кетті. Диқандар екі ауысымдық жұмыс кестесін ұйымдастырды. Ірі шаруашылықтар егістік науқанын 70-80% аяқтады. Өйткені олар жаңа техникалармен жұмыс істейді.