Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4% артты

t.me/Agropresskz

2025 жылғы қаңтар–мамыр аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% өсті.

Өсім негізінен мал шаруашылығы өнімінің 4,2% артуының есебінен қамтамасыз етілді – 1,2 трлн теңгеге дейін. Атап айтқанда, сойыс салмағындағы ет өндіру көлемі 3,0%(409,1 мың тоннаға дейін), сиыр сүті өндірісі 7,5% (1 347,9 мың тоннаға дейін) артты.

Мал басының өсуі байқалды: ірі қара мал – 23,4% (9,7 млн басқа дейін), қой мен ешкі – 7,8% (26,3 млн басқа дейін), жылқы – 112,0% (5,0 млн басқа дейін), түйе – 8,5% (321,3 мың басқа дейін), құс – 2,2% (47,7 млн басқа дейін).

Өсімдік шаруашылығы өнімі 68,0 млрд теңгені құрады, физикалық көлем индексі (ФКИ) 100% деңгейінде сақталды.

Азық-түлік өнімдерін өндіру 10,5% артып, 1 496,5 млрд теңгеге жетті, ал сусындар өндірісі 5,3% өсіп, 451,9 млрд теңгені құрады.

Өңірлік тұрғыда орташа республикалық көрсеткіштен жоғары өсім 9 облыста және республикалық маңызы бар 2 қалада тіркелді: Жамбыл облысы – 151,3%, Жетісу – 138,4%, Шымкент қаласы – 123,5%, Солтүстік Қазақстан – 118,3%, Қызылорда – 116,7%, Ақмола – 113,6%, Маңғыстау – 113,4%, Шығыс Қазақстан – 111,7%, Астана қаласы – 111,3%, Алматы облысы – 110,6%, Түркістан облысы – 110,5%.

Сондай-ақ, жекелеген азық-түлік түрлерін өндіру көлемі артты: өсімдік майы – 19,1% (376,8 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері – 11,3% (31,1 мың тоннаға дейін), сары май – 12,7% (15,1 мың тоннаға дейін), ұн – 6,6% (1 438,3 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдері – 4,3% (106,2 мың тоннаға дейін).

t.me/Agropresskz