Пластик өнім шығаратын кәсіпорын тек отандық полипропиленді қолданатын болады
Полипропилен өндіретін отандық «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (Қазақстан Петрокемикал Индастрис Инк) компаниясы Алматыдағы Ti.I (ТиАй) кәсіпорынымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Келісім Алматы қаласында өткен Central Asia PlastWorld ((Централ Эйжа ПластУорлд )) халықаралық көрмесі аясында жасалды.
TI - пластикалық ыдыстар шығаратын кәсіпорын. Жақында ғана ашылды. Компания енді Қазақстанда өндірілген полипропиленді қолданады. Шикізатпен KPI компаниясы қамтамасыз етеді. Келісім отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында жасалды.
Дамир Абельдинов, KPI ЖШС Сату және клиенттерге қызмет көрсету қызметінің жетекшісі:
- PI Қазақстанның кез келген аймағына тауарды жеткізіп береді. Бұл жұмыс тұрақты түрде жолға қойылған. Келісімге келіп отырған кәсіпорын айына 30 тоннаға жуық бір рет қолданылатын ыдыс-аяқ шығарады. Біз бұл компанияны қолдаймыз. Олармен өнімнің көлемі бойынша ұзақ мерзімді келісім-шарт жасауға дайынбыз.
KPI тұтынушыларға қызмет көрсету бағытын белсенді түрде дамытып келеді. Қайта өңдейтін өндіріс орындарына арналған бағдарламаларын іске қосты. Оның қатарында жеңілдетілген шарт бойынша сатып алуды қарастыратын «Форсаж» жобасы бар. Компания өндіріс сатысында әр тұтынушыға қолдау білдіріп отырады. Тасымалдау жағын жеңілдету мақсатынады әр аймақтан қоймалар ашады.
Дамир Абельдинов, KPI ЖШС сату және клиенттерге қызмет көрсету қызметінің жетекшісі:
- Біз ұзақ мерзімді және өзара жемісті ынтымақтастық болады, деп үміттенеміз. Қазақстанда тұтынушылар саны тұрақты түрде өсіп келеді. Осы айда ғана 4 жаңа келісім-шартқа қол қойдық. Бұл жұмыс әлі жалғасады. Тұтынушыларға тауарды Алматыдағы қоймадан алып кетуге жағдай жасадық.
KPI мен TI арасындағы келісім полимер өңдеудің отандық нарығын нығайта түсті. Екі тарап арасындағы серіктестік шағын және орта бизнестің өсуіне және өнеркәсіп саласының дамуына ықпал етеді.
Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон