ШҚО-дағы жылу желілерін жөндеуге ₸2,5 млрд бөлінді

Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жаңғырту бағытында Үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес қаражат Риддер қаласы мен Қайсенов кентіндегі құбырларды жөндеу жұмыстарын аяқтауға жұмсалады. Аймақтағы жылу желілеріне кейінгі 30 жылда күрделі реконструкция жүргізілмеген. Олардың тозу деңгейі орта есеппен 55%-тен, ал жекелеген елді мекендерде 75%-тен асады.