Отандық азық-түлік өндірісі артып келеді

Елде отандық азық-түлік өндірісі артып келеді.

Биылғы жылдың 5 айында оның көлемі 10,5 пайызға өсіп, 1,5 трлн теңгені құрады. Әлеуметтік азық-түлік тауарларының ішінде ең көп өсімді қызылша қанты, өсімдік майы, сары май, ұн және сүт өнімдері көрсетті. Бұл туралы Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жиында сауда және интеграция бірінші вице-министрі мәлімдеді. Айжан Бижанова ерте піскен өнімді жаппай жинау басталысымен әлеуметтік маңызы бар көкөністер бағасының өсуі тоқтап қана қоймай, төмендей бастағанын айтты. Мәселен, үш апта қатарынан картоп бағасының 1,3 пайызға төмендеуі байқалды. Өткен аптадан сәбіз бағасы 0,9 пайызға арзандай бастады. Күріш, қарақұмық, жұмыртқа, ұн мен макорон өнімдерінің де бағасы түскен. Жиында Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.