Сәтбаевта индустриялы аймақ құрылды

Сәтбаев қаласында республикалық маңызы бар индустриялы аймақ құрылды.

Жоба Саран қаласының тәжірибесі бойынша жұмыс істейді. Яғни импортты алмастыратын өнім шығаратын кәсіпорындар құру арқылы моноқаланың экономикасын әртараптандыруға басымдық беріледі. Қазір инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін құжат әзірленіп жатыр. Аймақ аумағына электр, жылу, су және кәріз жүйелері мен теміржол тартылады.

Индустриялық аймаққа қала маңынан 12 гектар жер телімі берілді. Болашақта сұранысқа қарай 40 гектарға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар. Қазір аумаққа инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін тиісті құжаттар әзірленіп жатыр. Жоспар бойынша электр, жылу, су мен кәріз жйүелері және 1,7 шақырым теміржол желісі тартылады.

Назгүл Сүттібаева, Сәтбаев қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп 3 сметалық құжаттама дайындалады. Оның бірі осы жылу желілерін тарту бойынша. Бүгінгі күні ол дайындалып облыстық басқармаға берілді салу жұмыстарын бастау үшін. Сметаның жобалық құны 872 млн теңгені құрайды. Оның ішінде электр желісі, су желісі тартылады. 

Индустриялық аймақты іске қосуды жеделдету қажеттігін Премьер-министр тапсырған. Жергілікті әкімдік инженерлік желілерді тартуды жақын арада  бастамақ. Сонымен қатар индустриялық аймаққа инвестиция тартып, кәсібін жүргізуге ниетті ұжымдармен келіссөзден басталды. Оларға жер телімі аукционсыз беріледі. Қазір бірнеше отандық және шетелдік компания өтініш берген.

Ерлан Орманов, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары:

- Бізде қазір Қытай компаниясы мен Қазақстан компаниясы біріккен ниет білдіріп отыр. Олар бізге өндіріске қажетті құрал-жабдықтар шығаратын болады. үлкен табанды техникаларға шынжыр табандар, металл шарлар сондай металлургия саласына өнімдер шығаратын болады. 

Моноқаланың экономикасын әртараптандыруда Саран қаласының тәжірибесі негізге алынды. Мамандар индустриялық аймақ іске қосылған алғашқы жылдың өзінде 5 млрд теңге инвестиция тартылып, жыл сайын 1 млрд теңгеден астам салық түседі деп болжап отыр. 

Елдос Кәкенов, Нұрдәулет Аманкешов