Елде қаржы заңнамасына реформа жасалады
Қазақстанның қаржы заңнамасына реформа жасалады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауқымды реформалар топтамасы әзірленіп жатыр.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, онда банктер, төлемдер, бағалы қағаздар нарығын дамыту және басқа да мәселелер қарастырылған. Бұған қоса Цифрлық қаржы активтерін реттеуді және Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын енгізу жоспарланып отыр. Төлем нарығын одан әрі дамыту шаралары жалғасады.