Қайтарылған актив есебінен 400 нысан салынады

Елде заңсыз шығарылған активтер есебінен 400-ден астам нысан салынады. Бұл жайлы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндады.

Министрдің мәлімдемесіне сүйенсек, мемлекетке қайтарылған активтерден арнаулы қорға 434,3 млрд теңге түскен. Бүгінгі таңда осы қаражаттың ішінен 318,1 млрд теңге сомасына 406 әлеуметтік жоба қаржыландырылды. Оның ішінде 230 су нысаны, 162 медициналық мекеме, 10 оқу ордасы, 4 спорттық ғимарат бар.