Елімізде астық экспорты 58% артты
Елде астық экспорты екі есе артты, деп хабарлайды 24KZ. Отандық шаруалар соңғы 10 айда шетелге 9 миллион тонадан аса өнім сатқан. Оның басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан және Әзербайжан нарығына шығарылды.
Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздің басты астықты аймағы. Биыл жергілікті диқандар 4,5 млн гектар жерге дән екті. Оның басым бөлігі бидай. Шаруалардың айтуынша, биыл жақсы өнім түсуі тиіс.
Корней Шевченко, серіктестіктің бас агрономы:
- Биыл бидайдың шығымдылығы өте жақсы. Ауа райы да оң қабақ танытып тұр. Жаңбыр жауып, аптап ыстықтар болды. Жердегі ылғал қоры жеткілікті. Егістік алқаптарында арамшөптер мен зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстарын жүргіздік.
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 6,2 млн тонна астық жиналды. Жергілікті диқандардың еңбегі еш кеткен жоқ. Қамбаға құйылған өнімнің 3/1 бөлігі экспортқа шығарылды. Биыл да сыртқы сауда қызып тұр.
Елена Гонтарь, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Жыл басынан бері облыс бойынша 1,8 млн тонна астық экспортталды. Оның ішінде майлы дақылдар да бар. Өнім негізінен Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Ауғанстан, Әзербайжан елдеріне сатылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, елімізде астық экспорты 58% артты. Өткен жылдың қыркүйегінен осы күнге дейін шетелге 9,3 млн тонна өнім сатылған.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов