Агросектор өндірушілері үшін КТС 3% мөлшерінде болады

Корпоративтік табыс салығы 20% деңгейінде сақталады. Алайда бірнеше сала өкілдері үшін сараланған салықтық мөлшерлеме енгізіледі.

Мәселен, банктермен ойын бизнесі үшін 25%, әлеуметтік сала ұйымдары үшін 2026 жылы 5%, 2027 жылы 10%, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 3% жеңілдетілген мөлшерлеме бекітілді. Бұған бизнес субъектілерін кредиттеу кезіндегі салық кірмейді.