Қазақстанда ₸444 млрд өнеркәсіптік жобалар жүзеге асады
Қазақстанда жалпы құны 444 миллиард теңгені құрайтын ірі өнеркәсіптік жобалар қолға алынды.
Бұл бастамалар шамамен 6 жарым мың жаңа жұмыс орынын ашуға мүмкіндік береді.
Мысалы, қара металлургия саласында 271 миллиард теңгеге бағаланған 15 жоба іске қосылады. 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Ал түсті металлургияда 105 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба енгізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта шамамен 2 мың жұмыс орыны ашылады. Жобалардың жүзеге асуы елдің индустриялық әлеуетін арттырып, экономикалық өсімге тың серпін береді.
Қара металлургия
15 жоба - ₸271 млрд
3780 жұмыс орыны
Түсті металлургия
10 жоба - ₸105,2 млрт
1818 жұмыс орыны