Өзбекстанда қазақ инвесторларының саны артты
Өзбекстанда соңғы алты айда қазақ инвесторларының қатысуымен 116 кәсіпорын ашылды.
Осылайша, көрші елде қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар саны 1157-ге жетті. Қос ел жуық арада өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Сарапшылар оған толық мүмкіндік бар екенін айтады.
Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. Көрші елдер барлық сала бойыша өзара байланыс орнатқан. Өткен алты айда ресми Ташкент Астанаға 518,8 млн доллардың тауарын экспорттап, 1,2 млрд доллардың өнімін импорттаған.
Умурбек Юсупов, Орталық Азия халықаралық институтының ғылыми қызметкері:
- Соңғы жылдары екі ел арасында алыс беріс артып келеді. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау жұмыстары үкіметаралық комиссияның жіті назарында. Жалпы алғанда Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қазіргі стратегиялық әріптестік, бүтін аймақ елдерінің экономикалық әлеуметін арттырып отыр.
Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, Өзбекстанда шетелдік капиталмен 16 685 компания жұмыс істеп тұр. Бұл ретте қытайлық кәсіпорындардың үлесі басым. 6 айда олардың қатары 835-ге көбейіп, жалпы саны 4192-ге жетті. Одан кейін 3098 компаниямен Ресей тұр. Үштікті Түркия түйіндейді. Аталған елдің кәсіпкерлері Өзбекстанда 2007 кәсіпорын құрған.
Саидмұхтар Саидқасымов, Орталық Азия халықаралық институты басшысының кеңесшісі:
- Саяси аспекті бойынша жоғарғы деңгейде сенім қалыптасты. Мемлекет басшылары үнемі байланыста. Бұл екі ел арасындағы алыс беріске дем береді. Экономикалық тұрғыда тауар айналымы жылдан жылға артып отыр. Көлік логистикасы саласында да жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.
Өзбекстандағы қазақстандық компаниялардың дені құрылыс, қаржы секторы мен ай-ти саласында жұмыс істейді. Қазір олардың жалпы саны 1157-ге жетті.
Дулат Нуркин