Қазақстан-Түркия: инвестициялық әріптестік
Қазақстан мен Түркия арасындағы инвестициялық әріптестік жыл санап нығайып келеді. 2005 жылдан бері қазақстандық кәсіпкерлер түрік экономикасына 2 млрд доллар қаржы құйды. Ал Түркиядан 5,6 млрд доллар инвестиция тартылды.
Былтыр Анкарада өткен қазақ-түрік бизнес форумында жалпы құны 180 млн доллар болатын 10 инвестициялық келісім жасалды. Бүгінде екі елдің қатысуымен 80 жоба жүзеге асты. Бұлардың құны 4 млрд доллардан асады. Сондай-ақ қазіргі уақытта 39 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр.