Таразда жұмысшы мамандығын бітірген түлектердің 90% жұмыспен қамтылады

Таразда жылда жұмысшы мамандығын бітірген түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылады.

Бұған колледждердің кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік орнатуы, оң әсер еткен. Мысалы «Тараз сервис және технология колледжі», 7 мамандық бойынша, қаладағы 82 кәсіпкерлік нысанымен байланыс орнатқан. Студенттер бірінші курстан бастап, сол мекемелерде тәжірибе жинайды. Ал оқу орнын аяқтайтын кезде, мамандардың басым көпшілігі сонда жұмысқа орналасады. Бұл жайында оқу ордасындағы ашық есік күнінде айтылды.

Елдос Маханов, колледж директорының орынбасары:

- Құзіреттілік орталығы 2020 жылы Жас маман бағдарламасымен толық жабдықталған. Сән технологиясы құзіреттілігі және Аспаз ісі құзіреттігі бойынша толығымен әрқайсысынан 5 цехтан бар. Балалардың толыққанды жұмыс жасауына барлық жағдай жасалған.

Аружан Табынбай, оқушы:

- Бұл аспаздық менің бала күнімнен өзімнің армандаған мамандығым. Және де бұл хоббиім десе де болады. Өзіме ұнаған торттарды, тағамдарды пісіремін. Бұл колледж маған қатты ұнады. Инстаграмнан да көрдім. Ашық есік күніне келіп бүкіл цехтарды аралап осы жерге түсемін деп нақты келіп отырмын.