ҚР ҰЭМ: Экономикаға салынған инвестиция көлемі 16,1% өсті
Елімізде соңғы 7 айда негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ке өсті.
Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары – Ұлттық экономика министрі хабарлады. Серік Жұманғариннің мәліметінше экономикаға қосымша қаржы тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қабылданған шаралар нәтижесінде биылғы жеті айда инвестиция көлемі артқан.