Қайта өңдеу кәсіпорындарын несиелеуге ₸44 млрд бағытталады
Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарын 5%-бен несиелеуге 44 млрд теңге бағытталады.
Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттырады. Үкіметте өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай деді. Оның айтуынша, жеңілдетілген несие етті мал шаруашылығын дамытуға серпін береді. Әрі бұл мақсатта қаржыландыру тетіктері іске қосылғанын. "Қазірдің өзінде 400-ден астам отбасына 8 мыңнан астам мал, 300-ден астам жылқы, 6 мыңға жуық құс берілді. Шағын несиелеу және лизинг ережелері бекітілді», - деді вице-премьер.