Ақмола облысында жаңа Салық кодексі түсіндіріліп жатыр
Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың басында күшіне енеді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қазірден бастап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кезекті көшпелі семинар Көкшетауда өтті. Құжатқа енгізілген өзгеріс көп. Мәселен, енді салық есептілігі 30%-ға қысқарады. Жеке табыс салығы және қосылған құн салығын есептеу бойынша да талап өзгерді. Мамандар қарапайым халық пен бизнес қауымдастықтарына осындай жаңашылдықтарды түсіндіріп жатыр.
Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ққс әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары:
- Мұндағы басты мақсат - келесі жылдан бастап, кейбір бағдарламалық өзгертулерді өзгерту шығар, мүмкін салықтық есепті жүргізу жағын олар қазірден бастап, өзгерістер енгізу жағын түсіндіріп жатырмыз. Салық кодексінде көптеген өзгерістер бар. Оның ішінде кейбір салық ставкалары өзгерді жеке табыс салығы, корпоративті табыс салығы бойынша, ҚҚС бойынша ең маңызды осы үлкен салықтар бойынша өзгерістер енгізілді.