Елімізде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2,1 млн-нан асты

Елде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 2 миллионнан асып, экономикадағы үлесі 38%-ке жетті, деп хабарлайды 24kz.

Үкіметтің есебіне сай шағын және орта бизнес субъектілері 18 триллионның өнімін шығарған. Президенттің тапсырмасына сәйкес мемлекеттің бизнеспен өзара іс әрекеті қадағалаудан серіктестікке қарай өзгеруде. Бас прокуратураның мәліметінше, бизнесті қадағалау соңғы бес жылда 58%-ке төмендеген. Оған қосымша былтыр инвесторларға орынсыз кедергілерді азайту үшін кез келген шектеу және тыйым салу шараларын прокурорлардың мақұлдауын талап ететін тетік енгізілді.

«Мемлекеттік қадағалаудың реттеліп, артық талаптардың алынуы елдегі шағын және орта бизнестің өркендеуіне сеп болды», - дейді сала мамандары.