«ҚазМұнайГаз» компаниясының биылғы алты айдағы түсімі 4,5 млрд теңгені құрады

ҚазМұнайГаз компаниясының биылғы алты айдағы түсімі 4 трлн 500 млрд теңгені құрады.

Ал бос ақша ағымы 682 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштерді бүгін ұлттық компания жариялады. Таза қарыз азайды, дивиденд тұрақты төленіп отыр, сондай-ақ мұнай өндіру мен өңдеу көлемі артты.

ҚазМұнайГаз көмірсутекті барлау мен өндіруден бастап оны тасымалдау, өңдеу және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік циклді қамтиды. Компания елдегі мұнай өндірудің 27 пайызын, оны өңдеудің 80 пайызын және тасымалдаудың 57 қамтамасыз етіп отыр.

Марат Диқанбаев, «ҚазМұнайГАЗ» ҰК АҚ Қаржы департаментінің директоры:

- «ҚазМұнайГаз» 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан тұрақты қаржылық нәтижелерін көрсетті. EBITDA көрсеткіші 2,2 млрд АҚШ доллар, ал бос ақша ағымы 1,3 млрд доллар болды. Қазіргі таңда компания қарыздың қолайлы деңгейін және жоғары өтімділікті сақтап отыр. 

Сарапшылар КазМұнайГаз стратегиясын сәтті деп бағалайды. Себебі «Халықтық IPO» кезінде акцияны 8 406 теңгеден сатып алғандар бүгінде инвестициясын екі еселеген.

Андрей Чеботарёв, экономист:

- Стратегия өз нәтижесін берді. IPO-ға қатысқандар жақсы пайда тапты. Қазір де компанияның табысы артып келеді. Біріншіден, тұрақты дивидендтер бар, екіншіден, қаржылық көрсеткіштері мықты. Олар үнемі оңтайландыру шараларын жасап, серіктес компаниялардағы үлестен түсетін табысты арттырып, операциялық және қаржылық көрсеткіштерін жақсартып отыр. 

ҚазМұнайГаздың операциялық және қаржылық қызметінің тиімділігі жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктер тарапынан мойындалды. Компания теңгерімді қаржылық саясатты ұстанып, барлық міндеттемелерін уақтылы орындап келеді. Бұл оның сенімділігін және кредит төлеу қабілеті жоғары екенін растайды. Жалпы алғанда ҚазМұнайГаз ұлттық экономиканың дамуына қомақты үлес қосып отыр.

Әлішер Әли