Ақтөбе облысында экспорт көлемі ₸537 млрд жетті
Биыл Ақтөбе облысындағы тауар экспорты 537 миллиард теңгеге жетті.
Қазір өңірде өз өнімін сыртқа сататын 70 кәсіпорын табысты жұмыс істеп тұр. Бұл ғана емес. Қатарға тағы да жаңа инвестициялық жобалар қосылады.
Бұл кәсіпорында жылына 120 мың тонна ұн 6 мың тонна макарон өнімдері шығарылады. Оның бір бөлігі Ресей мен Орталық Азияға экспортталады. Жақында Қытаймен келісім жасалды. Тапсырыс басқа да мемлекеттерден бар.
Талғат Найымбеков, кәсіпорынның бас директоры:
- Өнім сапалы. Енді бағасымен келісіп жатсақ, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Кавказ, Африка нарықтарына да шығуға болады. Бірақ оның жолы қымбат. Сұраныс бар жерде ұсыныс та бар.
Ал Ақтөбедегі рельс-арқалық зауыты Еуропа нарығын бағындырмақ. Былтыр кәсіпорында 214 мың тонна өнім шығарылды. Әзірге олар ТМД елдері мен Түркияға сатылып жатыр. Ендігі мақсат – сыртқы сауда көкжиегін кеңейту.
Евгений Нестеренко, зауыттың бас директоры міндетін атқарушы:
- Қазір біз польшалық серіктестермен тығыз байланыс орнаттық. Сонымен қатар Германия нарығына шығуды жоспарлап жатырмыз. Оған өндіріс көлемі жетеді.
Өңірде бұдан бөлек ферроқорытпа, керамикалық плитка, ет консервісі мен өсімдік майы экспортталады. Жыл басынан бері Ақтөбе облысынан 1 млрд доллардың өнімі сыртқа сатылды.
Досжан Әлібеков, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы:
- Қазіргі таңда экспорт айналамын көбейту бойынша біздің тарапымыздан инвестпроектілерге мониторинг жұмыстары жүргізілуде жалғасуда. Қазіргі таңда облыс аумағында 53 инвестжоба іске асып келеді. Жалпы инвестиция көлемі 4,2 трлн теңгені құрайды.
Өңірде карбимад, шыны ыдысы мен балалар тағамы зауыттары салынады. Бұл өнімдер отандық нарықты қамтып қана қоймай экспортқа да шығарылады.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Наталья Салькова, Айнадин Молдабеков