Премьер-министр ірі инвест-жобалардың орындалу барысымен танысты

Кендірліде теңіз суын тұщыту бойынша алғашқы өндірістік желі іске қосылды, деп хабарлайды 24kz.

Ал, мұнай-газ саласында газ бөлу кешені салынады. Премьер-министр ірі инвестициялық жобалардың орындалу барысын бағамдау мақсатында отырыс өткізді. «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінде қордың басқарма төрағасы биылғы 7 айдың есебін берді. Нұрлан Жақыпов Көкшетауда жылу электр орталығының құрылысы басталғанын айтты. Сондай-ақ Екібастұзда аймақтық электр станциясы кеңейтіліп жатыр. Әзербайжанмен арадағы келісімге сәйкес Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмысы да жүйелі екенін жеткізді. Сонымен бүгінде 52 инвестициялық жоба қолға алынған. Олар бойынша қаржы 100% игеріліп, жергілікті қамту үлесі 270 млрд теңгеден асқан.