Қытайлық көліктерді Қазақстан сертификациялайды. LIVE
Қазақ-қытай іскерлік кеңесінен түскен жаңа ақпар. Біздің өңір мен көрші елдерге жеткізілетін қытай көліктерін енді Қазақстан сертификаттайды, деп хабарлайды 24kz.
Бекзат Аманов, тілші:
- Қазір күллі ТМД елдерінде Қытай көліктері өте көп сатылып жатыр. Мұны алысқа бармай, Қазақстанның кез келген қаласынан көруге болады. Бұл – нарық. Және Бейжің осы индустрияда жетекші елдердің қатарына қосылды. Мұның біздің елге берері де мол. Іскерлік кеңесте Шығыс Қазақстан Техникалық университетіне Қытай автомобильдерін ресми сертификациялау мәртебесі беріледі. Бұл қызмет тек Қазақстанға емес, күллі өңірге көрсетіледі. Көршілеріміз де қатты қызығып, өзіне алғысы келген екен. Бірақ өңірдің сертификациялау жүйесі енді біздің еншімізде.
Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:
- Енді Қазақстан ғана емес, елімізге кірген бүкіл қытайлық көліктердің ресми қызмет ету, инженерлі техникалық кадрлары міндетті түрде сертификацияны Қазақстанда өтуі керек. Біз үшін үлкен жетістік. Ақырындап өңірлік сертификациялау жүйесін аударып алдық.
Бекзат Аманов, тілші:
- Қазір Қытай ғылым саласында да көш басына шыққаны баршаға белгілі. Соның нәтиежесінде робототехникадан бастап ауыл шаруашылығы сынды салаларға дейін жоғары технологиялар енгізіп тастаған. Енді іскерлік кеңес аясында 29 ЖОО Қытай университеттерімен екіжақты келісімшартқа қол қойды. Соның нәтижесінде агротехнология, гидромелерация, гидрогеология, орман шаруашылығы және заманауи технологиялар бағыттарын бірлесе дамытуға уағдаласты.
Авторлары: Бекзат Аманов, Марат Диханбаев, Бақытбек Нұртаев