Роман Скляр «Газпром» басшысымен кездесті

Роман Скляр «Газпром» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Шығыс экономикалық форумы аясында тараптар газды жеткізу, транзит және қайта өңдеу, сондай-ақ инфрақұрылымдық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады. Роман Скляр «Газпроммен» серіктестіктің стратегиялық сипатына тоқталып, Орталық Азия мен Еуразиялық кеңістіктің энергетикалық нарықтарын тұрақты дамыту үшін күш біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Ал Алексей Миллер Ресей тарапының ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.