Жетісу облысында «жаңа мамандықтар атласы» жасалды
Жетісу облысында биыл еңбек нарығына талдау жүргізіліп, сұранысқа ие салалар анықталды.
Соның негізінде «Жаңа мамандықтар атласы» әзірленіп, өңірдегі 11 колледжде ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, энергетика және туризм индустриясына қатысты жаңадан 14 мамандық ашылды. Бұдан бөлек, орта білім беретін мекемелер мен кәсіпорын жетекшілері өзара мемарандумға қол қойды. Соған сәйкес, өндіріс орындарының тапсырысы бойынша студенттер оқытылып, түлектер жұмыспен қамтылады.
Диас Есдәулетов, облыс әкімінің орынбасары:
- «Көксай Мұзбел» үлкен жобамыз. Ертеңгі күні осы ірі жобағы 2500 кадр қажеттілігі болады. Қазіргі таңда біз Кербұлақ ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, бізде Кербұлақ ауданында колледж жоқ. Сол себеппен осы ірі жобаға арнайы колледж ашуды жоспарлап отырмыз. Ертеңгі күні колледжден шыққан балалар осы ірі жобаға кіріп, сол жерде тұрақты түрде жұмыс істейді.