Пластик қалдықтарының көлемі 3 есеге артады

Пластик қалдықтардан жыл сайын жаһандық экономикаға 1,5 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын келуде. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта артатыны тағы анық. Өйткені 2060 жылға қарай әлемде пластик қалдықтарының көлемі 3 есеге ұлғаяды.  

1950 жылы әлемде 2 миллион тонна пластик өндірілсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 475 миллион тоннаға жеткен. Ал 2024 жылы 500 млн тонна өндіріліп, оның 399 млн тоннасы қалдыққа айналған. Сөйтіп, жер бетінде жиналған пластик қалдықтарының жалпы көлемі 8 миллиард тоннаға жеткен.