Қазақстанда тұңғыш криптоқор құрылды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Alem Crypto Fund қорын іске қосты. Оның басты мақсаты – цифрлық активтерге ұзақ мерзімді инвестиция тартып, криптовалютаның қорын жинақтау. Болашақта мемлекеттік жинақтаудың құралы ретінде қаржыны басқаруға мүмкіндік бермек. Қордың стратегиялық серіктесі – ғаламдық қаржылық жүйенің лицензиясына ие жергілікті Binance Kazakhstan компаниясы.
Alem Crypto Fund серіктесімен бірлесіп алғашқы инвестициялық келісім жасады. Атап айтқанда, BNB Chain жүйесіне тиесілі BNB токенін сатып алды. Криптоқаржы желіні басқару, комиссиясын төлеу және өзге де қаржылық транзакцияны жүргізуде қолданылады. Alem Crypto Fund мемлекеттік құрылым емес. Оны Қазақстан Qazaqstan Venture Group басқарады. Жалпы мұндай криптоқорларды Астана халықаралық қаржы орталығы секілді нарықтың заңды жүйесінде құруға болады.